Ауылдың өз мәдениет үйі болады

(0 Votes)

Байда ауылдық округіндегі аудан әкімінің тұрғындармен кезекті кездесу жиынында округ әкімі Ж.Төреғалиев алдыңғы есеп беру жиында айтылғандардың орындалысы жайына тоқталды.

- Котяев ауылынан Қиғаш бойындағы елді мекендерді қамтитын өрт сөндіру бөлімшесін ашу бойынша құзырлы органдарға ұсыныс етілді. Ескі дәрігерлік емхана ғимаратын округ теңгеріміне алып, оны қоғамдық ұйымдарға және халыққа қызмет  көрсетуге пайдалану бойынша округ теңгеріміне алынды, ғимаратқа ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстарына бюджеттік өтінім жолданып, 8099,0 теңге қаражат бөлінді. Өткізілген тендер бойынша мердігер ретінде «Batyr-SSS» мекемесі анықталып, жөндеу жұмыстары  басталды. Қ.Сатпаев көшесіндегі жастар демалыс саябағын абаттандыруға, сахна орнатып, орындықтармен жабдықтауға бюджеттік өтінім жолданды. Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебіне оқушылар саны артуына орай, жаңадан 624 орындық мектеп салуды жоспарға енгізу ұсыныс етілді.  Ал ауылдағы Алтынсарин, Сәтпаев көшелеріне, «Шағыл ауыл», «Кіші Күйген» елді мекендеріне су құбыры желісін  тарту басталған жобаға енбей қалғандықтан өзгеріс енгізуге ұсыныс жасалды. 300 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу бойынша жарияланған ашық конкурстың нәтижесінде «Грант Мастер» ЖШС мердігер болып танылды. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы шеңберінда республикалық ұлттық қордан 250000,0 млн мың теңге  қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында басаталады, - деген ауыл басшысы сонымен бірге, тоған шаруашылығын ашу, ауылішілік су желісі құбырын жүргізу бойынша алынған шаралардан хабардар етті.

Еркін форматта өткен жиында ауыл тұрғыны Мақсот Айтпаев салынған ауылішілік жолдарды бір-біріне қосуды қарастыруды, медпункт алдына автотұрақ салуды мәселе етіп көтерді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Якуб Исмагулов, зейнеткер Еламан Ертаев округ әкімінің атқарған жұмысына көңілдері толатындығын жеткізді.

Ауыл басшысының есебін, тұрғындардың сөздерін мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев айтылғандардың жергілікті жерде шешу мүмкіндігі барын, ал мектеп мәселесі бойынша облыс әкімінің іс-шаралар жоспарына енгенін, және оның орындалысы бақылауда болатынын жеткізді.

Округ әкімі Ж.Төреғалиев қалып қойған көшелерге қосымша су құбыры желісін тарту бойынша қатысып отырған аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Марат Хасановқа сауалын қойды. Тиісінше сала басшысы Котяев-Кудряшов жобасымен су құбырына реконструкция жасау бойынша қазіргі уақытта айтылған көшелер қайтадан жобаға енгізілгенін, оның нақты қорытындысы шыққан бойда жұмыстары басталатынын мәлімдеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT