Ауылдың мұңы – ауыз су

(2 Votes)

Жазғы маусым басталған сәттен-ақ Теңіз ауылының тұрғындары ауыз су тапшылығын сезінеді. «Телеграмм» әлеуметтік желісінде аталмыш мәселе төңірегінде шағым айтушылардың қатары көбейген.

Ауладағы бау-бақша мен жеміс ағаштарын, жүзімдіктерді суару түгілі ішерге судың жетіспеуі - шынында да, көңіл қынжытарлық жағдай. Қыс мезгілінде 1 мезгіл жүретін сумен құдықтарын әзер толтыратын ағайын енді, міне, аптап ыстықта суды водовоз жалдап, тасуға мәжбүр.

auyldy-my2

Аудан әкімі Марат Мурзиев күн тәртібіндегі түйткілді жайтқа бей-жай қарамай, жүздері жабыңқы жұртшылықпен кездесті. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ашық далада өткен кездесуде ауыл тұрғындары Б.Кенжеғалиев, Ш.Анесова, А.Ғұмаров, К.Бисалиева, А.Құбаевтар жазғы уақытта, яғни  мамыр-тамыз айлары аралығында ауыз су үйге жетпейтінін алға тартты.

Тұрғындар базынасынан соң, аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы:

- Көтерген мәселелеріңіз орынды, жеке қабылдауға келген тұрғындар, әкімдіктің телеграмм-чатында да Құрманғазы ауылының кейбір көшелері, Теңіз, Ақкөл ауылдарында жазғы мезгілде ауыз су жетіспеуі туралы жиі айтылып келеді, сондықтан, мен оны жақсы білемін. Күні бүгін Құрманғазы, Ақкөл, Теңіз, Байда ауылдық округтеріне жазғы су құбыры құрылысын жүргізу үшін жоба дайын, алайда қаржы мәселесі қол байлап тұр. Бұл болашақтың еншісіндегі жұмыстар, ал сіздерге су бүгін керек. Өткен аптада осы келеңсіздікке байланысты жиын өткізіп, мамандармен талқылау өткіздік. Нәтижесінде 1 ай уақыт мерзімінде мәселені шешу жолын таптық. Жұмыстың жүру барысын өзім тікелей бақылауда ұстаймын,-деді. Басқа да тұрғындардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар қайтарылды.

Бұдан бөлек, аудан әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан Мақаш ауылдық округіне қарасты Қарақұл, Голбин, Көкарна елді мекендеріндегі су желісі, Жұмекен ауылындағы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы, Сафон ауылының кірме және ауылішілік автомобиль жолы және облыстық маңызы бар Құрманғазы-Бірлік автомобиль жолдарының құрылысы нысандарының жұмысына шолу жасап, мердігер мекеме өкілдеріне кейбір кемшіліктерді жоюды ескертті.

auyldy-my1

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT