Ауылдық клуб қашан салынады?

(0 Votes)

Тұрғындар алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстарынан есеп берген Теңіз ауылдық округінің әкімі Анарбек Баймұханов түрлі салалар бойынша жүзеге асқан игі істер жөнінде хабарлап, өткен жылғымен салыстыра баяндады.

Сонымен қатар, шешімін таппай тұрған мәселелердің қатарына білім ошағының ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, ауылдық мәдениет үйінің құрылысын бастау, жазғы су құбырын тарттыруды жатқызды. Жиын барысында ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген өтініш-сауалдары да тыңдалды. Жеке кәсіпкер Сатқан Қалиев бүгінде ескі мектептің терезелері сындырылып, іші-сырты бүлініп жатқанын ескертіп, оны округтің теңгеріміне алу жұмыстарын тезірек аяқтауды жеткізді.

img_8288

Сонымен қатар, ауылда саз үйірмесін ашудың қажеттілігін алға тартты. Шаруа қожалық иесі Теміртас Сұлтанғалиев елді мекенде 1920 жылы салынған ғимараттың да қазіргі жағдайы сын көтермейтінін қаперлеп, ауылдастарын көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды. Өзі де былтыр 70-80 түп жеміс ағашын өсіруді қолға алғанын, одан әжептәуір өнім алғанын құлағдар етті. Ардагер-ұстаз Амангелді Карсаков клубтың жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып жатқанына екі жыл болғанын, қашан бітетініне қызығушылық білдіріп, құрылысы жүріп жатқан «Құрманғазы-Бірлік» тас жолының аяқталған бөліктері неге пайдалануға берілмейтінін сұрады.

Абай Құбаев мал азығының бағасын ретке келтіруді өтініп, «Газ аймақ» мекемесінен келетін мамандар тек келісімшарт жасағандары үшін 4000 теңге алып, тұрғын үйлердің түтіндіктеріне, мұржаларына ешқандай тексеру жұмыстарын жүргізбейтініне наразылық танытты.

img_8289

Архимед Сейітқазиев ауылдық амбулаторияны автокөлікпен қамту жөнінде көпшіліктің тілегін ортаға салса, Орақбай Құлжанов газ мекемесінің жұмысына көңілі толмайтынын айтып ашына сөйледі.

img_8296

Аудандық емхананың сарапшы дәрігері Сағидолла Кулов 2020 жылы ауданға 8 автокөлік берілетінінен, егер ол келген жағдайда бірінші кезекте оған шын мұқтаж болып отырған елді мекендерге бөлінетіні жөнінде жағымды жаңалығынан хабардар етті.

А.Шакупова

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21