Ауылды дамыту назарда ұсталатыны қуантады

(0 Votes)

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауда  81,31% дауыспен басым түскенін, бүгін хаттамаға Орталық сайлау комиссиясы мүшелері қолдарын қойғанын, 26 қараша күні ұлықтау рәсімі өтетінін естіп жатырмын.

Өзім ұзақ жыл ауыл шаруашылығында еңбек еткеннен кейін, бұл саланың қыр-сыры, мәселелері маған жақсы таныс. Сайлауда жеңіске жеткен үміткер ауыл шаруашылығын дамытуды  назарда ұстайтынын айтып отыр. Өте орынды! Өз бағдарламасында 7 жылда 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 триллион теңге бөлуді жоспарлаған. Алға қарай кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысы тартылғалы отырғаны да қолдау табатын жоба. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орны пайда болады. Одан өзге шағын шаруа қожалықтары кооперативтерге біріксе, іріленеді. Нәтижесінде, олар егін салатын жерді жыртып беруге, шөп шабуға техника іздеп әуреге түспей қажетті құралдарды орталарынан қаржы шығарып алуға қол жеткізеді.Тағы бір жақсы жаңалық конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие берілмек. Бұл да ауылдарда бос жүрген жастарға кәсіп ашуына негіз болады деп ойлаймын.

Абдолла Күзембаев,

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521