Ауылдастарым ұйымшылдық танытты

(1 Vote)

Баспасөзге жазылу да көптің қолдауымен бітетін іс.

Бүгінгідей әлеуметтік желілер дамып, озық технологиялар өрге басқан заманда да газеттің орны бөлек. «Сафон ауылдық округі» ММ-сі 2021 жылдың І жартыжылдығына аудандық «Serper» қоғамдық-саяси газетіне 230 данаға жазылып, ауданда екінші болып, болжамды орындап шықтық. Бұл біз үшін мерей, ұйымшылдығымыздың, ауызбірлігіміздің көрінісі.

«Жақсының жақсылығын айт», дегендей, округ әкімшілігі атынан жазылуда белсенділік танытқан ауылдың барша үлкен-кіші тұрғындарына, мекеме басшылары С.Жұпарғалиевке, Т.Өтеғұловаға, Н.Өтегеновке, Ә. Сатылғановқа, Д.Исмұхановаға, «Каспий таңы» өндірістік кооперативі, «Бекет Сәт Жол» ЖШС басшыларына, шаруа қожалығының иесі Ә. Бекқалиеваға ризашылығымды білдіремін! Баршаларыңыздың отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жемісті еңбек тілеймін! Сәттілік серіктеріңіз болсын! «Serper» қоғамдық-саяси газетінің Айнагүл Күнұзаққызы бастаған ұжымына да тілерім, шығармашылық шабыттарыңыз шарықтап, оқырмандарыңыз көбейе берсін!

Р.Хамзаева, Сафон ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521