Бөкейхан ауылдық округінде тұратын Болат Қалиев ақсақал бүгінгі мизам шуағы молынан төгілген күнде жата алмады.
184 референдум учаскесіндегілердің үйіңізге апарамыз дегеніне қарамастан зайыбы Вера Николаевнаны ерітіп дауыс беруге аяқтай келді. Референдум учаскесінің төрағасы Салауат Сүлейменов барша ауылдасқа үлгі болып жатырсыздар деген ризашылығын білдіріп, күш-қайраттарының кемімеуін тілек етті.