Ауыл жастарын жұмысқа шақырады

(0 Votes)

Атырау ОПД қарасты бөліністерде "Бос лауазымдарды азайту жөніндегі" 2019-2020 жылдарға арналған іс шаралар жоспарына сай Құрманғазы ауданының полиция бөлімі кадр саясаты тобының инспекторы міндетін атқарушы полиция подполковнигі А.Қ.Бисенғалиев ағымдағы жылдың 10 наурыз күні аудан әкімшілігі қызметкерлерімен бірлесіп Ы.Алтынсарин мектебінде Жаңаталап ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Құрманғазы ауданының полиция бөлімі бойынша бос тұрған учаскелік полиция инспекторы, Азғыр полиция бөлімшесінің кезекші инспекторы, патрульдік полиция бөлімшесінің қызмет инспекторы, кадр саясаты тобының инспекторы лауазымдарына жоғары білімі бар ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін ауыл жастарын жұмысқа шақыру жөнінде түсінік берді.

bos-zhreke

Сонымен қатар осы жылы мектеп бітіруші түлектерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсуге шақырды. Академияға іріктеу және қабылдау туралы ақпаратпен бөлісті.

Н.Құбашев,

Құрманғазы аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521