Ауыл жастары жұмыссыз азбасын десек...

(0 Votes)

«Amanat» партиясы аудандық филиал жанындағы “Жастарды қолдау» жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес отырысын оның төрағасы аудандық мәслихат депутаты Талғат Жұмалиев жүргізіп, кеңстің құрылу мақсатының алдағы жоспарын егжей-тегжейлі айтып өтті.

Одан әрі кеңес хатшысы, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұргүл Сұлтанова оның құрамындағы мүшелерін жеке-жеке таныстырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан жастарын жұмыспен қамту жөнінде жұмыспен қамту орталығының бас маманы Құндыз Қабдолова хабарлама жасады. – 2022 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны – 1632 адам, оның ішінде 362 жас тіркелді. Neet санатындағы жастар 58 болса, мамандығы барлар 304 адам. 2021 жылы 45 жас тұрақты жұмысқа орналасты. Бвлтвр «Бастау Бизнес» жобасын 59 жас оқыса, оның 45-і грант иегері атанды. 2022 жыл басында 80 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінде оның қаржысы базаға өзгерістер енгізілмеуіне байланысты кешіктірілуде, - дей келе, кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Панфилов атындағы жалпы орта мектептің директоры Айбек Өтепов қазіргі қоғамда жастардың жұмысқа орналасуы өзекті мәселе болып қалатынын, жұмыссыздықты жоюға арналған тетіктерді іске қосудың маңыздылығын. орталықта олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын бір маманның болуы қажеттігін алға тартты. Кеңес мүшелері мәселені жан-жақты талқыға алып, өздерінің ұсыныстарын жолдады. Жалпы, жастар болашағын өз ауылымен байланыстыру үшін алдымен тұрақты жұмыс, лайықты еңбекақы болғанын қалайды. Күнделікті ынта-жігеріңді жұмсайтын екі қолыңа бір күректің болғанына не жетсін?! Ауыл жастары жұмыссыз азбасын десек, ертерек қамданғанымыз жөн.   

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT