Ауыл жұртының айтары бар

(0 Votes)

Еңбек ардагері Қыдырсих Құсайынов өткен әзірде орын алған балықтың, малдың түрлі аурулардан өлім-жітімге ұшырау себептерін Ресей тарапынан біздің жерімізге ұшырылатын реактивті ұшақтармен байланыстырып, оны тоқтатуды сұрады.

Бұған Сәрсенбай Құрманұлы мұндай сынақ жаттығуларына көптен бері тыйым салынғанын, бірақ анық-қанығын тағы да білуге уәде берді. Ал, республика көлемінде балық шаруашылығын дамытуды талқылау жөніндегі көшпелі отырыс ақпан айының басында Атырау қаласында өтетінінен хабардар етті. Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны Тілек Айтқалиев Жайық өзенінің тайыздап кетуіне алаңдаушылық білдіріп, аудандағы спорт кешеніне еркін күрестен спорт шебері, жерлесіміз Жорес Ысқақовтың есімін беруді, ҰОС қатысушысы, ерлігі ескерілмей қалған батыр Кенжебай Мәденовті лайықты атақпен ұлығылауды жоғары жаққа жеткізуді өтінді.

img_8976

Зейнеткер Сәуірбай Дәуітов көршілес Астрахань облысы мен Құрманғазы ауданы арасында сауда базасын ұйымдастыру, күй өңірін моноқала деңгейіне көтеру, Зейнеден ауылынан жазғы тынығу лагерін ашу мәселелерін қозғады. Ауыл тұрғындары Жәннатқожа Сатқанов, Дулат Сұлтанов ауыз су, арналарды тереңдетіп қазу, көшелерді жарықтандыру түйткілдерін көтерді.

img_8993

Жеке кәсіпкер Есболат Құбашев мал шаруашылығын дамытуға қатысты өзінің бірқатар ұсыныстарын ортаға салса, аудандық мәслихат депутаты Мансұр Қуанышәлиев орталыққа ірі мөлшерде қаржы құятын Атырау облысын еркін экономикалық аймаққа неге айналдырмасқа деген пікірін білдірді.

Ауыл әкімі Болат Мұфтахов тұрғындармен емен-жарқын пікірлескен Сәрсенбай Құрманұлына зор ризашылығын білдіріп, окруке ортақ бірқатар мәселелерді қаперге берді.

img_8997

Қойылған сұрақтарға сенатор С.Еңсегенов пен аудан әкімі Қайрат Нұртаев жауап беріп отырды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521