Сүйіндік ауылдық мәдениет үйінде 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 78 жыл толуына орай «Ұмытылмайтын ұлы есімдер» атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Шара барысында округ әкімі Данияр Ғалымжанұлы қатысушыларды құттықтап, мерейлі 70 жасқа толған Сариева Дариға,Сабирова Балжан, Жәрдемов Шамардан,ОмаровТілеулі, Темірғалиев Садих сынды үлкендерге Алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты шара ауылдық округ өнерпаздарының әуезді ән шашуы мен биші қыздардың өнерлерін тамашалаумен тәмамдалды.
Қанат ҒҰМАРОВ