Құрманғазы ауылдық округі N170 референдум учаскесі бойынша 1405 тұрғын бар. Ауыл тұрғыны Берiк Әнесов ұлымен бірге келiп дауыс бердi.
"Бүгін маңызды наукан. Президентiмiз 2-шi қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында бүгiнгi күнi жалпыхалықтық референдум өткізуді белгiлеген болатын. Оған қатысып өз таңдауымызды жасау бәрiмiздiң азаматтық мiндетiмiз. Сол себепті ұлым Әлидi ертiп келiп, үлгі көрсетіп өз таңдауымды жасап жатырмын", дейді Ломоносов орта мектебінің ұстазы Берiк Тiлегенұлы.