Ауыл шаруашылық екі үлкен саладан тұрады, яғни мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Аталған екі шаруашылықтан алынған өнімдер халықты азық түлікпен қамтамасыз жасайды.
Сонымен қатар кейбір өндіріс орындарын шикізат өнімдерімен қамтамасыз жасайды. Ауыл шаруашылықтың өзі бірнеше салаға бөлінеді. Атап айтқанда мал, құс, балық өсіру, егін шаруашылығы, тағы басқа көптеген ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады. Ауыл шаруашылық өнімдерінен ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс және құс еті өнімдері, жұмыртқа, балық және балық өнімдері, өсімдіктер мен егін өнімдерінен алынатын өнім түрлерін шикізат түрінде, жартылай фабрикатталған түрінде немесе дайын түрінде өндірілген өнімдері тұтынушыларға күнделікті пайдалануға ұсынуда.
Аталған ауыл шаруашылық өнімдері бойынша әр шикізат өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тұтынушыға жеткізу, өнімдерді сыртқы нарыққа шығару сатыларында қойылатын 021/2011 Кеден Одағының техникалық регламентінің (КОТР) «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі», 022/2011 КОТР «Тағам өнімдері маркировкасы», 034/2013 КОТР «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі», 033/2013 КОТР «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі», 040/2016 КОТР «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі», 023/2011 КОТР «Жемістер мен көкөністерден шырын мен шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент» талаптары, заңдылық талаптары және ҚР ДСМ 28.04.2021 жылғы №36 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі обьектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары, басқада көптеген талаптардың сақталуы басты назарда болуы қажет.
Өсімдіктерден алынатын азық-түлік шикізатын, жануарлардан алынған өңделмеген тамақ өнімдерін өндіру барысында сақталатын талаптар, ветеринариялық ілеспе құжаттарының болуы, тамақ өнімдерінің консервілерін атап айтқанда ет өнімдері, сүт өнімдері, құс етінен жасалған өнімдер, жемістер мен көкөністерден алынатын шырын өнімдерін өндіру барысында қойылатын талаптар жоғарыда көрсетілген КОТР талаптарымен, басқада талаптарға толық сәйкестендірілуі қажет.
Б.Абилова,
Құрманғазы аудандық СЭБ басқармасының жетекші маманы