Бүгін аудан орталығы алаңында Наурыз меркесіне орай мерекелік ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жыл басы Наурыз мерекесіне орай өткізілген жәрмеңкеде ет (жылқы, сиыр, қой) өнімдері, балық, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер мен көкөніс өнімдері бар.
Жәрмеңкеге арнайы келген аудан әкімі Абат Жангалиев сөрелерді аралап көріп, тауарлардың сапасы мен қойылған бағалардың тұрақтылығын бақылады және шаруалармен тілдесіп, ұсыныс-тілектеріне құлақ асты.