АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА – АЙРЫҚША НАЗАР

(0 Votes)

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда «Аграрлық несие корпорациясы» тауар өндірушілерді қаржыландырудың түрлі  бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында несие беру мүмкіндіктерін түсіндіру, тұрғындарды ақпараттандыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиал директоры Гүлзада Шалагулова бастаған бір топ мамандар шаруа қожалық иелері, кәсіпкерлермен кездесті.

shalakulova

Алдымен аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Балағазы Иманғалиев келген лауазым иелерімен таныстырып, алғашқы сөзді филиал директоры Гүлзада Айтжанқызына ұсынды. -  Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда қолжетімді әрі тиімді жүйені қалыптастыру маңызды. Осы орайда біздің корпорация агроөнеркәсіптік тауар өндірушілерді қолдау мақсатында бірнеше бағдарлама әзірледі.  Шаруа қожалықтарына немесе меншігінде жері бар кәсіпкерлерге арналған «Агробизнес» бағдарламасы 10 жыл мерзімге 2 жылға дейінгі каникулмен мал және ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды сатып алуға беріледі. Несие пайызы - 17 %,, 11 пайызы субсидияланады. Бұрын шаруагерлер несие мерзімінің қысқалығы, каникулдың аздығы жөнінде уәждерін айтатын еді. Осыған байланысты оңтайландырылған, шаруа қожалықтарына ыңғайлы несие өнімі болып табылады. Қыркүйек айының ішінде «Еңбек» бағдарламасының орнына шығып жатқан ұлттық жоба бойынша келетін несие өнімі бар. Оның артықшылығы бұрын аталған бағдарламаның негізінде жұмыспен қамту орталықтарынан жолдама және оқығаны жөнінде сертификат сұрайтын болсақ, ендігісінде бұлардың бірі де талап етілмейді. Несие аламын деп ниеттенген жұмыссыз немесе кәсібін кеңейтем деген кәсіпкер болса, жаңа бағдарлама арқылы ала алады. Несие пайызы - 6 %. Жалпы, кәсіпкерлерге қойылатын басты талап – екінші деңгейлі банктерде, басқа да қаржылық ұйымдарда мерзімі өткен берешектері, салыққа және міндетті төлемдерге қарыздары болмауы, кепіл мүлкімен қамтамасыз етілуі қажет - дей келе, Гүлзада Айтжанқызы несие аламын деп ниеттенген шаруагерлер жинаған құжаттарын мамандарға көрсетулеріне болатынын айтып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап беруге әзір екендігін жеткізді.  

Тоған шаруашылығын дамытуды қолға алған  Болат Абдолов цех салуға несие алғысы келетінін, оған қандай құжаттар қажет екенін сұрады. Залға жиналғандар ауылшарушалығы құрал-жабдықтарын, асыл тұқымды малды сатып алуға несие рәсімдеу туралы ақпарат бөлісуді өтінді.  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының несие серіктестерімен жұмыс бөлімінің бас маманы Ботагөз Аманжолқызы, несиелеу бөлімінің бас маманы Дулат Атоллаұлы қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптарын қайтарды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521