Ауыл шаруагері неге алаңдаулы?

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы аудан әкімі орынбасарларының, мәслихат депутаттарының, дербес бөлім басшылары мен округ әкімдерінің қатысуымен өтті.

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев партияның Құрманғазы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалысына тоқталды. Бес жылға арналған 92 іс-шараның 23 тармағы бойынша тапсырма берілгенінен хабардар етіп, күні бүгінге орындалмаған екі тармақтың мәселесін қаперге берді. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова хаттамада бекітілген іс-шаралардың орындалысын алға тартып, қазіргі таңда 67 іс-шара жүзеге асқанын, 2-еуі орындалу сатысында екенін жеткізді. Одан әрі, бағдарламадағы егін егу мәселесіне ойысып, шаруагерлердің тап болған қиындықтарын, елдегі пандемиялық ахуалға орай олар қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткізе алмағанын, осыған орай, егістік жерлерін мемлекетке кейін қайтаруға мәжбүр болғанын айтты. Алайда, берілген жоспарды орындау мақсатында ауылдық округ әкімдері шаруа қожалық басшыларымен бірлескен жұмыс жасалып, аудандық агроколедждегі және Көптоғай, Байда ауылдық округтеріндегі техникалар пайдаланылғанын еске салды. Нәтижесінде жер жырту жұмыстарын ұйымдастырылып, Атырау қаласына және Қазақстанның өзге өңірлеріне тұқым, тыңайтқыштарға сұраныс беріліп, әкелінгенін, барлығы 795 гектарға егін егілгенін жеткізді.

auylsharuashyly-zhinalys

Комиссия отырысының барысында аудандық мәслихат депутаты Есболат Құбашев биылғы егін егу науқанына қатысты сұрағын қойса, Орлы ауылдық округінің әкімі Жандос Бектеміров шаруагерлерге қиындық келтіріп отырған  проблемалық мәселелерін ортаға салды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521