Ауыл еңбеккерлеріне құрмет

(0 Votes)

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Ел берекесін тасытқандар» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиын аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Сәуменовтің аудан экономикасының күретамыры саналатын аграрлық саланың бүгінгі жетістіктері жайлы баяндамамсымен басталды.

img_5892

img_5916

img_5921

Келесі кезекте аудан әкімі Қайрат Нұртаев кәсіби мереке иелерінің мал басын өз төлі есебінен көбейтудегі, асылдандырудағы, егіннен мол өнім алудағы, балық-байлығымызды игерудегі еселі еңбектеріне тоқталып, аудан экономикасының жақсара түсуіне қосып отырған үлестерін атап өтті. Құттықтау сөзінен кейін еңбекте озат шыққандарды ұлығылады. Құрманғазы ӨК бас маманы М.Меңдешов «Еңбек ардагері» медалімен, «Жалғас» шаруа қожалығының басшысы С.Жалғас Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет Грамотасымен, «Е.Құбашов» шаруа қожалығының басшысы Е.Құбашов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің бас есепшісі А.Аяшова экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен, өскінжай шебері ІІ дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, бір топ сала мамандарына «Құрметті ардагер», «Еңбек даңқы» төсбелгілері, облыстық кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы, аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

img_5927

img_5932

Аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Ғайни Карина депутаттар корпусы атынан құттықтау сөзін арнап, үздік еңбеккерлерді мәслихаттың Алғыс хатымен ұлығылады. Сала ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев бүгінгі ізбасарларына табысты еңбек тіледі. Шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Толыбай Қажыгереев, Сағынғали Ерболат, Ерген Нұржан ән шырқап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

img_5938

img_5948

А.МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521