Ауылға келді ауыз су

(1 Vote)

Ауданымызда күрделі мәселелердің бірінің күрмеуі тарқатылды. Ұзақ жылдар бойы Теңіз ауылының тұрғындары ауыз су тапшылығын тартып келген едік. 

Қыс мезгілінде 1 мезгіл жүретін сумен құдығымызды әзер толтырып, аптап ыстықта суды водовоз жалдап, тасуға мәжбүр болдық. Тіршілік көзінің жетіспеуіне байланысты ауламызға бау-бақша егіп, ағаштарымызды суаруды да ұмытқанбыз.

Осыдан бір ай бұрын аудан әкімі Марат Мурзиев ауылымызға арнайы ат басын тіреп, тұрғындардың негізгі базынасына құлақ түрді. Көтерген мәселеміздің орынды екенін, жазғы су құбырын жүргізу үшін жоба дайын, алайда қаржының бөлінбеуі қолбайлау боп тұрғанын алға тартты. Бұл болашақтың еншісіндегі жұмыстар, ал бізге судың бүгін керек екенін жіті түсініп, келеңсіздікке орай жиын өткізіп, мамандармен талқылау өткізгенін айтты. Өтінішімізді 1 ай көлемінде шешіп, жұмыстың жүру барысын тікелей өзі қадағалайтынын қаперлеген еді.

«Ер екі сөйлемейді» дегендей, аудан әкімі М.Бисенғалиұлы асқан жауапкершілікпен өз уәдесін мүлтіксіз орындап, ауылымыз толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілді. Көптен күткен қуанышымыз қойнымызға сыймай, уақытылы ауыз суымызды пайдаланып, мерейіміз тасып отырған жайымыз бар. Осы жақсы жаңалыққа мұрындық болған аудан әкімдігіне, жауапты тұлғаларға барша ауыл тұрғындары атынан риясыз алғысымды білдіремін!  

Сатқан Қалиев, ауыл тұрғыны        

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521