Ауруханаға қажетті құралдарды әперді

(0 Votes)

Мына індет адамдарды бір-бірімен жақындастыра түсуде.

Тұрғындар алғашқы кездегідей емес тәжвирусты «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса» ғана жеңетінін енді түсініп келе жатқандай. Оған дәлел еліміз бойынша  індетке шалдыққандарға қолдан келген көмегін көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен жеке азаматтардың, еріктілер қатарының артуы. Бірі өз қаражатына қажетті дәрі-дәрмектерді әперсе, екіншілері дәрігерлерді азық-түлік себетімен қамтуда. Үшіншілері еріктілер ретінде тегін жұмыс жасап емдеу орындарында бір қабаттан екіншісіне салмағы ауыр (90 келі) оттегі баллондарын тасып, қосып беруде. Осының бәрі де қауіпті дертке шалдыққандар мен бастарын қатерге тігіп оларды емдеп жүрген ақ халатты абзал жандарға демеу болу, қолдау білдіру мақсатында жасалуда. Мұндай мейірімді жандар ауданымызда да жоқ емес. Туған жерінен шет жақта жүрген жерлестеріміз де сауапты істен шет қалмауда.

rald2

Жақында ғана  Нұрасыл Уалиұлы Жарбасов пен Әсет Нүркенұлы Рамазанов «Sigma Solutions» ЖШС атынан 10 дана 8F-5AW үлгісіндегі «Armed» оттегі концентраторын, 61 LA үлгісіндегі 3 дана су диспенсерін, 400 дана «Eco Cool MicroMax NS 428-Coverall/Hoods» қорғаныш киімдерін, 10 дана пульсоксиметр, 30 төсек-орынды Құрманғазы аудандық орталық ауруханасына табыстады.

r

Аталған азаматтар мұны мұқтаж адамдар мен медицина орталығына көмек ретінде ұсынды. Осылайша қазіргідей қиын уақытта халыққа белсенді көмек көрсету арқылы елмен бірге екендерін білдіріп отыр. Алланың нұры жаусын дейміз. Алыста, жақында жүрген басқа кәсіпкерлер де осы азаматтардан үлгі алып, сын сағатта қолдарынан келген көмектерін аямаса нұр үстіне нұр болар еді.

«Көп түкірсе – көл», дегендей қазір қандай көмек те артықтық етпейді. Жасаған жақсылықтарыңыз бір күні алдарыңыздан шығары анық.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521