Ауру мен бірге азғындық та орын алуда

(0 Votes)

Ар мен ұяттан безгендер де бар екен.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Атырауда халықтың қайғысынан қара басының қамын құнттап, байып қалуды көздегендердің анықталғаны жазылуда. Косметологиялық клиникалардың бірінде заңсыз қазырғы уақытта көзі жоқ, індетке қарсы ем болатын дәрілерді заңсыз сатып, айналысқан. Оларды тексеру барысында 636 - қорап парацетамол, 1519 - дана цефтриаксон, 100 - қорап ацетил қышқылы, 233 - ампула лидокаин, азитрамицин және тағы да басқа дәрілер алынған.

Бұл азғындық емей немене ? Халық қан жұтып, жақындары дәрі іздеп ат сабылтып жанын қоярға жер таба алмай жүргенде бұл нағылған арсыздық ? Айтарға сөз жоқ. Бұл адамдардың аты мен тегін толық жазып халыққа таратып, масқара қылу керек деп ойлаймын.

Бұндай адамкершіліктен азғандарды заң алдында ғана емес қоғам, адамзат алдында да моральды тұрғыдан жазалау керек. Құқық қорғау орындары жан-жақты толық тегеру жүргізулері тиіс.

Бұл дәрілер ол жерге кім арқылы келді, қайдан келді, сыбайластар кімдер бұның барлығын анықтап жауапкершіліктерін шешу қажет. Бұндай жағдайдың орын алуын болдырмау шараларын шұғыл қолға алуға әкімшілік көңіл аударғаны жөн.

Сәрсенбай Еңсегенов,

Сенат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521