Аумақтық және ішкі суларға шығу тәртібі

(0 Votes)

Өздеріңізге белгілі жергілікті халықтың басым көпшілігінің кәсібі шекаралық Қиғаш өзенінің бойынан балық аулаумен тікелей байланысты.

Сол себепті әдеттегідей орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды болдырмаумен қатар Қазақстанның ішкі және аумақтық суларына шығу тәртібін қатаң сақтау мақсатында мемлекеттік шекарамыздың Заңмен белгіленген тәртібін сіздерге қысқаша түсіндіре кеткенді жөн көрдік.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 48 бабына сәйкес қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығу тәртібі белгіленген. Осы ретте аталған ішкі және аумақтық суларға шығу үшін ең алдымен 2014 жылғы 21 қаңтардағы №19 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы рұқсаттама алуы тиіс. Сонымен қатар қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелері (құралдары) және мұз үстімен жылжитын құралдар аумақтық суларға шықса, егер оларға қатысты күтіп ұстаудың өзгеше тәртібі айқындалмаса, тек қана тәуліктің жарық уақытында қозғалып, тіркелімге алынған орындары бойынша кемежайларға, айлықтарға және орналасу орындарына не жағалау маңына қараңғы түскенге дейін оралуға міндетті.

Аталған жүзу құралдарының күтіп-ұсталуын, аумақтық суларға және ішкі суларға шығуын, орналасу пункттеріне қайта оралуын есепке алуды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктелген. Аталған Қазақстан Республикасы аумақтық суларының және ішкі суларындағы шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындарының қазақстандық бөлігіндегі тәртіпті бұзу жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіштен заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл салынуына әкеп соғатындығын ескертеміз.

«Құрманғазы» шекара бөлімінің басшылық құрамы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521