Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ақылы қоғамдық қызметкерлердің көмегімен округ аумағындағы жалғызбасты қариялармен, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлерін, аулаларын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек.
Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Әсіресе, жалғыз басты қалған қарт адамдарға материалдық көмектен көрі жылы лебіз бен ашық көңіл өте қажет.
Көптоғай ауылдық округ әкімі аппараты ММ