Қауіпсіздік бәрінен жоғары

(1 Vote)

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге рейд жүргізді.

Пиротехника бұйымдары, қажетті әсер алуға арналған пиротехникалық құрам көмегімен жану жүзеге асырылатын (жарылыс) бұйым. Жаңа жылдық мерекелер аудан орталығының  қонақтары мен тұрғындары үшін қайғылы оқиғамен аяқталмауы үшін Құрманғазы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және полиция қызметімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату орындарына рейд жүргізді.Жаңа жылдық мереке кезінде әр түрлі өрт қауіпті пиротехникалық құралдарды пайдаланылғандықтан, оларды қолдану тек қана өрттің туындауына ғана емес, сонымен қатар жарақаттар мен зақымдануға әкелуі  мүмкін. «Өрт қауіпсіздігі ережелеріне» сәйкес базарларда, сауда дүңгіршіктерінде, көшеде және осы мақсаттарға бейімделген дүкендерде пиротехникалық және т.б. бұйымдарды сатуға тыйым салынған. 14 жасқа толмаған балаларға пиротехниканы, сондай-ақ сәйкестік сертификаты және қолдану жөніндегі егжей-тегжелі нұсқаулары жоқ бұйымдарды сатуға жол берілмейді. Іс-шараның негізгі мақсаты – пиротехникалық бұйымдардың қауіптілігіне аудан азаматтарының назарын аудару. Рейд қатысушылары сатушылар мен аудан тұрғындарына пиротехниканың әр түрлі түрлерін қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқау берді.

А.Әлібекова,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521