«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы

(0 Votes)

Атырау ОПД-нің бастығы полиция полковнигі Қ.Үмбетқалиевтың 21.11.2019 жылғы №617 санды бұйрығына және ІІМ-нің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Қожаевтың ағымдағы жылдың 20 қарашадағы №1-5-4-110/4327-И санымен келіп түскен нұсқауына сәйкес, республика көлемінде жол көлік оқиғасының өсуіне байланысты және жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғасының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 21-23 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіледі.

img_3136

img_3159

Жедел-профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында Мемлекеттік кірістер өкілдері, жергілікті атқарушы органдары мен бірлескен рейттік шаралар ұйымдастырылып, жол қозғалысын қадағалауға патрульдік полиция жасақшылардың тығыздығы арттырылады. Жол жүрісін қадағалауға өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында: Басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, қиылыстардан және жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту, қауіпсіздік белдігін және балаларды ұстап қалу құрылғыларын пайдалану, заңсыз қайта жабдықтау: (Оның ішінде сыртқы жарықтандыру аспаптарының саны, түрі, түсі, орналасуы және жұмыс істеу режимі), көлік құралының конструкциялары талаптарына сәйкес келмеуі (галоген, ксенон), көлік құралын міндетті техникалық байқаудан өтпеу қағидаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

img_3163

Н.Кубашев,

Құрманғазы АПбнің бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521