Құрманғазы ауданы көлемінде"Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аудандағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту, болдырмау сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 29 тамыз 4 қыркүйек күндері аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады. Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктерді пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау болып табылады. Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері профилактика барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің сақталуына қадағалау жасайды.