"Қауіпсіз мектеп автобусы"

(0 Votes)

Жас жол инспекторлары және аудандық полиция бөлім қызметкерлері және мектептің әлеуметтік педагогы А.Бахтыгерееваның қатысуымен «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өткізілді.

Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектеп тасымалдауын ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын 22 қыркүйек пен 25 қазан аралығында өткізуге басшылық ету аясында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің Жас жол инспекторлары және аудандық полиция бөлім қызметкерлері және мектептің әлеуметтік педагогы А.Бахтыгерееваның қатысуымен «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өткізілді. Мектеп әлеуметтік педагогы өз сөзінде төмендегідей мәліметтерге тоқталды.

-М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында мектеп бойынша 111 оқушы тасымалдануда. Тасымалданатын оқушыларды автокөлікке отырғызу,автокөлік ішіндегі тәртіпке,аялдамаға уақытында жиналуға, өмір қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын қадағалау мақсатында мектеп ұжымынан кезекші мұғалімдер тағайындалып,мектеп бұйрығымен бекітіледі.Автокөлік ПАЗ -32054,2017жылғы 23-орындық,көлік құралдарының тіркеу номері ЕМ №00000757, мемлекеттік номер 491АР06,тасымалдайтын елді мекендері Камышитовый, Шестой, Каспий елді мекендері.Автокөлік техникалық байқаудан 2020 жылдың 21 тамызында өткізілді және ол 2021 жылдың ақпан айына дейін жарамды. Автобус жүргізушісі 26 жыл еңбек өтілімі бар 1- разрядты мықты маман. Акция барысында мектеп әкімшілігі қазіргі пандемия жағдайын ескере отырып, балаларды мектепке және үйге қауіпсіз және жайлы жеткізуді, көлік-жол оқиғаларының алдын алу бойынша қызметін жандандырды. Сондай –ақ, ата-аналар комитетінің төрайымы тасымалды ұйымдастыру сапасын бақылауға шақырылды. Сонымен қоса, жергілікті полиция қызметінің қатысуымен бірлескен іс-қимыл ведомствоаралық жоспар әзірленіп жүзеге асырылуда. Онлайн сабақ барысында сыныптарда акция аясында сынып сағаттар өткізіліп келеді. Болашақта көлік-жол апатын болдырмау мақсатында көптеген іс – шаралар жасақталуда.

nrly-1

Н.Бисенова,

"Жас инспекторлар" үйірмесінің жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521