«Қауіпсіз мектеп автобусы»

(0 Votes)

Мектеп оқушыларын тасымалдауды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектепте өз дәрежесінде ұйымдастырылды.

Жас жол инспекторлары, жергілікті полиция бөлімі қызметкерінің қатысуымен өткен шара әсерлі болды. Мектептің әлеуметтік педагогы өз сөзінде төмендегідей мәліметтерге тоқталды: - Мектебімізде 2020-2021 оқу жылында еліміздегі ахуалға байланысты ашылған 1-4 бастауыш кезекші сыныптар бойынша 25 оқушы тасымалдануда. Оларды автокөлікке отырғызу, өмір қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын қадағалау аясында кезекші мұғалімдер тағайындалып, мектеп бұйрығымен бекітілді. ПАЗ-32054 автокөлігі 2016 жылғы, 23 орындық. Автокөлік техникалық байқаудан 2020 жылдың 4 қыркүйекте өткізілді және 2021 жылдың наурыз айына дейін жарамды. Автобус жүргізушісінің 7- жыл еңбек өтілі бар, 1- разрядты білікті маман. Балалар Көкарна, Қарақұл, Иманов елді мекендерінен келеді.

srsenbaev-mektebi1

Сондай-ақ, ата-аналар комитетінің төрайымына тасымалды ұйымдастыру сапасын бақылау ұсынылды. Жергілікті полиция қызметкерімен бірлескен іс-қимыл ведомствоаралық іс-шара жоспары әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Д.Әзімжанов

Әлеуметтік педагог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521