Ақкөл мектебінде Кеңес Одағының әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Ауғанның асуында от кешкендер” атты ардагерлермен кездесу кеші болып өтті.
Ауған соғысының ардагерлері:
1.Бүркітбаев Самат Бүркітбайұлы
2. Олжабаев Ақан Бектілеуұлы Шараның басы мектеп директоры Арайлым Жасенқызы Қаржауова ардагерлерге арнаған жылы лебізінен басталды.
Шара жүргізушілері: Сайын Нұрсейіт пен Парасатқызы Ботагөз.
Шара басында “Қаншама жыл өтсе де” Ешмұрат Аянат көркемсөз оқыды. “Күннұры” және “Еркетай” би тобы “Отмените войну” биін, “Илигай” би тобы “Алаш аманаты” биін биледі.
Шараның негізгі бөлімінде ардагер ағаларымызға сөз кезегі беріліп,олар,әскер қатарына қалай кеткендерін, Ауғанстанға қалай аттанғандарын яғни бастарынан өткізген қиын сәттерін оқушыларға баяндай отырып,ендігі жерде соғыс болмауын,еліміздің амандығын тілеп,оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Музыка жетекшісі: Телеуов Ерген Нұржанұлы. “Менің Қазақстаным” әнін орындады.
Шараның қорытынды бөлімінде мектеп оқушыларына АӘД жетекшісі Алтынбек Өсербекұлы Идаятов оқушыларымен дайындаған оқу жыттығуларын көрсетті.
Шараның соңында мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райзада Махамбетқызы Досалиева зор денсаулық тілей отырып, алғысын білдірді.