Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті

(0 Votes)

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне 35 жыл толуына орай 2024 жылдың 12 ақпан күні Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектепте «Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу кеші өткізілді.

Ауған соғысының ардагері Зинеттулин Болат Зинетоллаұлы, Ауған-Тәжік соғысы ардагерлері Даулетов Забих Отарғалиұлы, Есаманов Нұрболат Өмірзақұлы қатысты.

Шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Шараны педагог-ұйымдастырушы Эльенора Доскариева жүргізді. Кездесу кешінде оқушылар сұрақтар қойып,жыр шумақтарын арнады.

Тәрбие шарасын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадиева Нұргүл Сатыбалдықызы қорытындылап, арнайы дипломмен марапаттап,сыйлық табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT