Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханада «Ауған соғысы –ерлік пен естелік» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Шарада ауған соғысына қатысып, батырлық таныта білген ардагерлер ерең еңбектері үшін марапатталса, сол соғыста қаза тапқан жауынгерлер 1 минуттық үнсіздікпен еске алынды.
Кездесу кеші ардагерлермен сұр-сұхбатпен жалғасып, әңгімені жүргізген жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Қазихановтың және жас көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сұрапыл соғыстың әкелген зардаптарына тоқталып, от пен оқтың ортасында өткен жастық шақтарын, жорық жолдарын еске алып, әсерлі әңгіме өрбітті.
Құрманғазы жастары