15 ақпан – Ауғанстан ардагерлерінің мерекесі, қаза болған жауынгер-интернационалистерді еске алу күні.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл және Тәжік-ауған қақтығысының аяқталғанына 23 жыл толуына орай, Жаңаталап ауылдық клубында округ әкімшілігі мен Ы.Алтынсарин мектеп әкімшілігімен бірлескен түрде “Ауған қасіреті ұмытылмайды” атты ауған және тәжік-ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіне округке қарасты барлық мекеме басшылары, ауыл үлкендері, мектептің жоғарғы сынып оқушылары, ауған және тәжік-aуған соғыс ардагерлері, округ тұрғындары қатысты.
Округ әкімі Бралиев Сұңғат Мұханбетжанұлы округтегі ауған және тәжік-ауған соғыс ардагерлерін алғыс хатымен марапаттады. Ауған соғысының ардагері Сұлтанов Болат пен тәжік-ауған соғысының ардагері Даулетов Забих сахнаға шақырылып, жүргізуші Бидуллаев Болат пен мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, сұхбат жүргізілді.
Ауылдық кітапхананың меңгерушісі Қалиева Гүлжан ауған соғысы туралы жазылған кітаптарға шолу жасады.
Кеш соңы ауыл өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты. Сонымен қоса ауыл тұрғындары мен ардагерлер арасында дойбы-шахмат жарысы ұйымдастырылып, жүлделі орын иегерлері дипломмен марапатталды.