Қауiп-қатердi қайдан дерiңiз бар ма?! Ешкім одан сақтандырылмаған. Алда не күтіп тұрғанынан бейхабармыз. Бастысы қауіпті жағдайда жаныңнан жақсы, батыл адамдар табылып жатса құба-құп.
Редакциямызға хабарласқан Жанбай ауылының тұрғыны Қанат Құбаев өз басынан өткен мұндай жағдайды былай жеткізді :- 2021 жылдың 4-шi желтоқсаны күні сағат 16:30-да Атырау қаласынан, қонақтықтан шықтым. Ауылға, Жанбай елді мекенiне бет алдым. Қасымда қарындасым Адиля Құбаева мен келiнiм Назерке Жолмұханова болды. Атырау-Астрахань тас жолымен "Ваз-2124" көлiгiмен келе жатқанда, Х. Ерғалиев ауылына жақындағанда алдыңғы, одан кейін артқы дөңгелек жарылды. Екеуі қатар жарылған соң, көлiктiң рөлі басқаруға көнбей, жолдың шетіне бiр аунап, аударылып қалдық. Машинаның төрт дөңгелегі жоғары қарап жатты. Қандай жағдайда болғанымызды ешкімнің басына бермесін. Қанша жұлқыласам да көлiктiң алдыңғы есiгi ашылмады. Бар қолымнан келгенi көлiк дабылын басып, көмекке шақырдым. Алайда, ешкім жақындай қоймады. Сол кезде бiр жас жігіт жүгіріп келді. Ол көлiктiң артқы есiгiн күшпен ашып, қарындасым мен келiнiмдi, содан соң менi шығарды. Жағдайымызды сұрап, "Жедел жәрдем" шақырайын ба?", деді. Бiз жарақат алмағандықтан одан бас тарттық. Жiгiт сол жерде үрпейе қарап тұрғандарды ұйымдастырып, көлiгiмдi тұрғызып, аккумуляторын токтен ажыратты. Иманды, өте тәрбиелі азамат екен, асты-үстiмiзге түсiп, қолынан келген көмегін аямады. Сол уақытта бастан өткен жағдайдан өз-өзiме келе алмағаннан ба алғыс айтуды ескермеппiн. Екі-үш күн өткен соң ауылдың азаматтары арқылы iздестiрiп, сол жiгiттiң әкесінің телефонын алдым. Ол кісіге хабарласып, ұлының Құрманғазы аудандық полиция бөлiмiнiң аға сержанты Нұрмағанбет Рафхатұлы Мукушев екенін бiлдiм. Қиын жағдайда көмектесетін, далада қалғанда қол ұшын беретін осындай алғыр, тиянақты, жауапкершілігі мол азамат болып келе жатқан жастардың барына қуандым. Нұрмағанбет iнiме әкелiк батамды берiп, отбасымның атынан алғысымды айтамын. Өркенi өсiп, аман жүрciн,- деді.
"Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ер көгерер", демей ме?! Алғыс арқалаған осындай батыл жастарымыз көбейе берсін!
Айнагүл Шакупова