Ауданымыздың дарынды оқушылары марапатталды

(0 Votes)

Атырау облысының Білім беру басқармасы “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша Халықаралық, Республикалық олимпиада мен конкурстардың жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты шарасы өтті.

Шарада түрлі байқауларда жүлде орын алып, ауданымыздың мерейін асырған 7 оқушы Білім беру Басқармасының Алғыс хатымен марапатталып, ақшалай сертификаттар иеленді.

Олар: М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Муса Алмас,

Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрланов Нұрдәулет,

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Салахеденова Акниет,

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Насухова Динара,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Есетов Ержигит,

Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрланұлы Әліп,

Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Абилхаир Мұхамедияр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT