Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде білім саласы жіті назарда ұсталуда.
Заманауи талаптарға сай келетін мектептер салынып, ұстаздардың қызмет етуіне, оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалуда.
Бұл Атырау облысында да көрініс табуда. Соңғы жылдары шалғай елді мекендерден оқушыларды тасымалдау мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Білім ұяларына бұл жұмысты жүзеге асыру үшін арнайы көліктер берілуде. Соның бір көрінісі ретінде бүгін Атырау қаласының Салтанат сарайының алдында 20 мектепке автобустар табыс етілгенін айтуға болады. Облыс әкімі Серік Шапкенов табыс еткен 23 орындық, толықтай жабдықталған автобустардың 5-і ауданымыздың мектептеріне тиді.
Атап айтсақ, олар – Б.Бегалиев, М.Әуезов, Ә.Сарсенбаев, С. Мұқанов, Балалар дене шынықтыру бөліміне табыс етілді. Жаңа көліктердің қызығын ұзағынан көрсін дейміз.
А.Шакупова