Құрметті аудан тұрғындары! 2023 жылдың 14 тамыз-31 қыркүйек күндері аралығында аудан көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқаны жөнінде хабарлаймыз.
Осыған байланысты Құрманғазы АПБ-нің есебінде тұрған тұлғаларды бақылау, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беретін кемшіліктерді анықтап, жолын кесу, азаматтық қару иелерінің қару сақтау ережелерін қадағалау, заңсыз келушілердің алдын алу жұмыстары жүруде. Іс шара кезінде учаскелік полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелерді, пәтерлерді және аулаларды тексеріп, тұрғындармен жақын қарым-қатынас орнатуды мақсат тұтуда.
Құрметті аудан тұрғындары! Болып жатқан жедел іс-шараға түсіністікпен қарап, учаскелік инспекторлармен тығыз байланыста болуға шақырамыз.
Құрманғазы АПБ-і Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі