Ауданымызда мешіттер бой көтереді

(0 Votes)

Құрманғазы тұрғындарына жақсы жаңалық! Ауданда Алланың үйі салынбақ! Мешіт құрылысы алдағы үш жылда басталып, қолданысқа берілу мерзімі сол кезеңде белгілі болады.

Аудандық «Темірәлі» орталық мешітінің бас имамы Еламан Бегалиев: -«Аллаға деген махаббат пен иманның тоғысқан мекенін салу үшін жергілікті кәсіпкерлер қаражатпен қамтамасыз етеді. Алла жазса, тақуалық сарайы ауданның төрт жерінен салынбақ.  Олар: ПМК, Сафон, Шортанбай ауылдық округтері мен «Ақкөл» бекеті»,-деп анық деректермен бөлісті. Бас имамның сөзінше, әр мешіттің сыйымдылығы сол маңдағы халық санына байланысты болмақ. Сонымен қатар, мешіттің іші қазақи нақышта көмкерілмек. Өйткені, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып, халық игілігіне қызмет ететін құлшылық мекенін тұрғызуда әр халық өзінің сәулет өнері мен дәстүрін ескеріп, ұлттық нақышын көрсетуі тиіс. Жаратқанның разылығы жолындағы сауапты жұмыс туралы әзірге нақты ақпарат осы. Айта кетейік, жалпы Құрманғазы ауданында үш мешіт өз жұмысын жасап тұр. Газетіміздің өткен санында, құрылысты бастаудағы басты мақсат – жат ағыммен күресу екендігі туралы жазған болатынбыз. Оған насихат жұмыстарын әлеуметтік желі арқылы кеңінен тарату туралы айтылған еді. Соған орай, мешіт жаныннан инстаграмм желісінен «Иман жастары» парақшасымен қоса, бірнеше аккаунт белсенді жұмыс атқаруда. 

Жайдарлым Қайреден

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521