Ауданымызда қайырымдылық марафоны жалғасын тапты

(0 Votes)

Селектор форматында Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен отырыс өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «30 қайырымды іс» марафоны облысымызда жалғасын тапқан болатын. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың бастамасымен, «Ембі Мұнай Газ» АҚ-ның демеушілігімен биылғы жылы жаңа оқу жылы қарсаңында облысымыздағы 7000-ға жуық ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналып «Айналайын» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылғандығынан облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова хабардар етті.

​Алғашқы сөз легін алған облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы:

- Арнайы білім жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту – мемлекеттік негізде маңызға ие мәселе. Осыған байланысты қоғам алдында олардың жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын келелі міндеттер тұр. Аталмыш шара - әлеуметтік осал топ санатындағы ерекше білімді қажет ететін балаларға жасалып жатқан қамқорлықтың бір көрінісі. Балаларға осы қуанышты сыйлаған «Ембі Мұнай Газ» АҚ басқармасына ризашылығымды білдіремін,-деп облыс көлемінде ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау бағытында жоспарланған іс-шараларды атап өтті.

f4e740a8-365d-4f31-963a-c50f860483f1

Сондай-ақ, бір топ бүлдіршіндерге мектеп құралы мен қаржылай сертификаттарды табыстады. ​Қайырымдылық акциясына ауданымызда мектеп жасындағы 344, мектепке дейінгі 127, барлығы 471 бала қатыстырылған.

Аудан әкімі Марат Мурзиев аталмыш марафонды облыс әкімінен қабыл алып, балдырғандар мен ата-аналарды дәртүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылымен құттықтады. Ауданымызда биылғы жылы ерекше балалардың білім алуына мүмкіндік жасайтын 1 жаңа инклюзивті кабинет ашу көзделуде.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT