Ауданымызда 4 мешіт салынады

(0 Votes)

Алдағы уақытта Құрманғазы ауданы аумағында төрт мешіт кәсіпкерлік демеушілік есебінен салынады. Мешіттердің заманауи тұрғыда және қазақы стильде салынуы қажет.

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданының бас имамы Еламан Бегалиевты қабылдау кезінде айтты.

Қазақстан мен Ресейдің қақпасы саналатын Құрманғазы ауданы орналасу географиясы жағынан да ерекше. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, жол бойында орналасқан мешіттерде жолаушылардың тегін тамақтануына жағдай жасалуы керек.

Бас имам Құрманғазы ауданы мешіттеріне жат ағыммен күресті күшейтуді тапсырды. Және әлеуметтік желілерден парақшалар ашып, діни насихаттық контентті күшейту міндеттелді.

Қазіргі уақытта даңқты күйші атындағы ауданда үш мешіт жұмыс істеп жатыр. Аудан орталығы және екі ауылда орналасқан мешіттерде бір бас имам, бір наиб имам, бір кезекші молда, бір әйел ұстаз және есепші қызмет етуде.

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, Құрманғазы ауданында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

imamdar

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521