Аудандық емхананың мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова медицина қызметкерлеріне жаңа бас дәрігерді таныстырды.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры лауазымына Абдрахманов Асулан Нұрболанұлы тағайындалды. Ол 1990 жылы 11 қарашада Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Семей мемлекеттік университетінің «жалпы медицина» факультетін хирургия мамандығы бойынша тәмамдаған. Мамандығы – хирург. Еңбек жолын 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы онкологиялық диспансерінде хирург болып бастаған. 2016-2019 жылдары Атырау облысы, Мақат аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, жалпы бөлімше меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2019-2020 жылыдары Мақат ауданы бас дәрігерінің орынбасары, 2020 жылдан күні бүгінге дейін «Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының Мақат аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры (бас дәрігер) қызметінде болды.
Жаңадан тағайындалған Асулан Нұболанұлына сәттілік тілей отырып, ұжыммен бірлесе ауданның денсаулық сақтау саласының дамуы, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға үлесін қосады деген аудан әкімдігі атынан сенімімді білдіремін – деді аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы.