Аудандық ветеринариялық стансаға жаңа басшы тағайындалды

(0 Votes)

Ауданға Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы Саламат Сағидоллаұлы жұмыс сапарымен келіп, Құрманғазы аудандық ветеринариялық станса басшысы лауазымына тағайындалған Ажғалиев Жеткеншек Қалиұлын таныстырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қайрат Булеков ашып, жүргізді.

Ажғалиев Жеткеншек Қалиұлы 1982 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. - 2004 жылы Орал қаласындағы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін ветеринариялық медицина мамандығы, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

- ⁠2004-2007 жылы Байда селолық округінде ветеринариялық инспекторы болып бастаған.

- ⁠2009-2010 жылы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы болып қызмет атқарған.

- ⁠2010-2012 жылдары Көптоғай селолық округінің әкім аппаратының бас маман-ветеринариялық дәрігер болып қызмет еткен.

- ⁠2012-2014жылдары Ганюшкин селолық округі әкімі аппаратының бас маман-ветеринариялық дәрігері.

- ⁠2013-2015 жылы Көптоғай селолық округі әкімі аппаратында бас маман—ветеринариялық дәрігер.

- ⁠2015 жылдан бастап осы кезге дейін Құрманғазы аудандық ветеринариялық станса маманы болып қызмет атқарып келді.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы Саламат Сағидоллаұлы бұл салаға осыған дейін 12 жыл басшылық жасап, өз қызметін жауапкершілікпен атқарып келген Асыланбек Бргалиевке ризашылығын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT