Аудандық спортшылар слеті өтті

(0 Votes)

Ауданның жас спортшылары 2022-2023 оқу жылында спорттың 12 түрінен 54 жарысқа қатысып, оның 13-інде бірінші орынға, онында екінші, тоғызында үшінші орынға көтеріліп, жалпы командалық есеп бойынша бесінші жыл қатарынан облыста үздік шықты.

Осыған орай аудандық мәдениет үйінде «Додада топ жарған дүлділдер» атты V аудандық спортшылар слеті өтіп, спорттық додалардың дарабоздарына құрмет көрсетілді.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов шараға жиналғандарды спорт мерекесімен құттықтап, республикалық, облыстық жарыстарда жүлде алған жас споортшыларға, олардың жетекшілеріне, ата-аналарына аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Шарада аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, облыстық білім беру басқармасының аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының маманы Наурызбай Теміров, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрғасы Әуез Ізжанов, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Еділ Бояров тілектерін білдіріп, республикалық жарыстардың және облыстық ұлттық мектеп лигасы жеңімпаздарына марапат көрсетті.

Сондай-ақ, аудандық полция бөлімі басшысының орынбасары Талғат Исаев «Жас жол қозғалысы испекторы» байқауының жеңімпаздарын, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы Әділ Қонқаев «Жас құтқарушы» байқауында үздік шыққандарды, әскери-патриоттық ойындардың үздіктерін ұлығылады.

Білім ордалары арасында бұқаралық споттық іс-шаралар бойынша Абай атындағы орта мектеп, әскери-патриоттық жұмыстар бойынша Қадыр Мырза Әлі атындағы орта мектеп бірінші орынды еншіледі.

Спортшылар слетінде әнші балапан Ақылбек Сабур намысты қамшылайтын рухты ән шырқап, балалар өнер мектебінің «Наз» бишілер тобы спорттық би орындады. Өнер саласының майталманы Жаңбырбай Нәрешов әйгілі «Атамекен» әнін асқақтатты.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521