Аудандық музейдің көрмесі тамашаланды

(0 Votes)

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай С.Көшекбаев мәдениет үйінің алаңында Құрманғазы аудандық музей бөлімшесінің «Кең даламның ұлттық мұрасы» тақырыбында көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

Ел арасында насихатталып келе жатқан тұрмыс – тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, халқымыздың қолөнерін, тұрмыстық бұйымдарын, салт-дәстүрін ел арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеге қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра коллекциясы, зергерлік бұйымдар, тұрмыстық бұйым - ағаш бұйымдар және самаурын коллекцияларынан көрме жасақталып, көпшілік назарына ұсынылды.

Музей экскурсоводы А.Жанғалиева таныстырған көрмені аудан қонақтары мен тұрғындары тамашалап, өз әсерлерін қалдырып, ризашылығын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521