Аудандық мәдениет үйіне көлік табысталды

(0 Votes)
Құрманғазы аудандық С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйіне жаңа 24 орындық қызметтік автобус табысталды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
 
“Бұл көлік шығармашылық ұжымның гастрольдік іссапарларына, концерттік қойылымдарға баруына арналған. Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйі ұжымында 90-ға тарта қызметкер жұмыс жасайтын болса, оның 50-ге жуығы шығармашылықпен айналысады. Қызметтік көлігіміз жаңарғанына ұжыммен қуаныштымыз” дейді C.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің басшысы Жалгас Сагындыхов.
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT