Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Сіздерді аудандық мәслихат депутаттары мен аппараты атынан кәсіби мерекелеріңіз - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын.
Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттыруда, татулықты нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары. Алаш қайраткері Міржақып Дулатов айтпақшы, «Қай елдің баспасөзі күшті болса, сол елдің өзі де күшті». Ауданымыздағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Сіздердің қашанда іргелі істердің басында жүріп, аудан халқына елдегі және әлем жаңалықтарын, туған ауылымыздың өсіп-өркендеу барысын жеткізудегі еңбектеріңіз ерекше. Мақалаларыңыз әр оқырманның жүрегіне жол тауып, орынды сын, құнды пікірлеріңіздің арқасында аудандық баспасөз жерлестеріңіздің сүйікті газетіне айналып отыр. Алдағы уақытта да шығармашылық еңбектеріңіз табысты болып, қаламдарыңыз ұштала берсін!
Аудан халқын жағымды жаңалықтармен қуанта берулеріңізге тілектеспін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Г.Қалиева,
Құрметпен мәслихат төрағасы