«AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде №9 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты Н.Қайрошов қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген Дыңғызыл округіне қарасты Қызылоба елді мекенінің бір топ ауыл жастары соңғы екі жылдан бері басталып, әлі толық аяқталмай жатырған Ақкөл- Қызылоба-Жыланды-Қиғаш тас жолының құрылысының жұмысына ауыл тұрғындары атынан көріп отырған қиындықтарын айтып ауылдың шешімін таппай жүрген өзекті мәселелерін қозғады.
Аудандық мәслихат депутаты Н.М.Қайрошов, «AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ө.Есенғазиев, аудан әкімінің орынбасары М.І.Хасанов және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімінің бас маманы Р.Сиражевпен бірге талқылап, мәселені жол салып жатырған мекеме басшыларымен бірге ауыл тұрғындарымен кездесіп, оң шешімін алуға жұмыстануға ұйғарды.