Аудандық құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына аудан әкімінің өкімімен Сүндетов Жасұлан Әндіржанұлы тағайындалды,- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа лауазым иесін аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев аудан активімен таныстырып, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол Жасұлан Сүндетовке жаңа қызметті де абыройлы атқаратынына сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Сүндетов Жасұлан Әндіржанұлы 1984 жылы 14 наурызда Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.

2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мұнай,газ,кен орындарын игеру», 2022 жылы Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Еңбекші селолық округі әкімі аппаратында жетекші маман болып бастаған.

2009-2010 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман;

2010-2012 жылдары Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман;

2012-2021 жылдары аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, Байда ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман;

2021 жылдың 7 шілдесінен бастап, қазіргі кезге дейін Кудряшов ауылдық округі әкімі лауазымын атқарып келді.

Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT