Аудандық кітапханадағы библиошар шарасы

(0 Votes)

​Аудандық орталық кітапханада Астана күні мерекесіне орай «Арқа төсіндегі ару Астана» атты библиошар шарасы өтті.

Еліміздің бас қаласы – Астана атын одан әрі асқақтату, ұрпақ есінде сол жайлы тың мәліметтер қалдыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шараның тізгінін ұстаған Меңдісұлу Меңдіханқызы Астананың құрылу тарихы, әлемдік деңгейде алатын орны, қарыштап бой түзеген ғимараттарына сөзбен шолу жасады.

​Одан әрі «Сұрақ-жауап», «Суреттер сөйлесін», «Сөз құрастыру» атты үш кезеңнен тұратын библиошар әдісімен болған ойында жастар белсенділік танытты.

С:Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің маманы Ақерке Ибатоллақызы ақын Қ.Сариннің «Астана» өлеңін мәнерлеп оқыса, кітапханашы Нұрлан Ғалымжанұлы «Астана – мерейім, мәртебем» тақырыбында жасақталған кітап көрмесін таныстырды.

Сондай-ақ, өнерпаздар Толыбай Қажыгереев пен Ерасыл Самиғоллаев шараны әнмен әрледі.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT