Аудан әкімдігінің «Мемлекеттік мекемені қайта құру туралы» қаулысына сәйкес жаңадан құрылған - Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына – Ажигереев Мерей Есенгелдіұлы тағайындалды.
Ажигерев Мерей Есенгелдіұлы 1989 жылы 13 маусымда Ганюшкино селосында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары.
2012 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Туризм» мамандығы бойынша;
2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша;
2023 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және басқару магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2013 жылы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде спорт жарыстарын ұйымдастырушы болып еңбек жолын бастаған.
2014-2017 жылдары Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман;
2017-2024 жылдары Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман, округ әкімінің орынбасары;
2024 жылдың маусым айынан бастап Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде сектор меңгерушісі қызметтерін атқарып келген.