Аудандық туристік слет өтті

(0 Votes)

«Менің Отаным-Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының аудандық слетінің қорытындысы:

1.2020 жылдың 10 наурыз күні Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің жұмыс жоспарына сай өлкетану бағыты бойынша аудан мектептері арасында «Менің Отаным-Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының аудандық слеті өткізілді. Слетке ауданымыздын 4 мектебінен 8 оқушы қатысты.

2.Өлкетану бағыты бойынша 2 кезеңнен өткізілді.

1. «Туған өлке соқпақтары» (1 қатысушы) номинациясы бойынша іздеу-зерттеу жұмысы жобасының презентациясын қорғау – өңірде жүргізілген туристік экспедиция презентациясы.

2. Практикаға бағдарланған кезең (2 қатысушы) бойынша қатысушыларға өлкеміздің атақты тұлғаларының өмірбаянына байланысты билет сұрақтары мен фотосурет тапсырмасы берілді.

3.Слеттің қорытындысы бойынша алғыс хатпен Манаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Қапсихова Назерке мен Баймұратова Сара марапатталды. (Жетекшісі Абдуллаев Азамат) Жүлделі III- орынды Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Зұлпыхар Жанерке мен Жасталапова Зарина иеленді. (Жетекшісі Дауғалиев Бейімбет) Жүлделі II-орынға Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Разихова Дильназ бен Хайржанова Айжанан иеленсе (Жетекшісі Джағпарова Ғалия), жүлделі I-орынға Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Хайыржанова Дана мен Дидарбекова Дильназ ие болды.(Жетекшісі Кулесова Анаргуль).

Құрманғазы аудандық туризм бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521