Аудандық семинар өтті

(0 Votes)

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі базасында Атырау облысы білім беру басқармасы Құрманғазы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  20 желтоқсан күні «Зерттеу сабағы-оқу мен оқытуды зерттеу және бірлескен  шешім  қабылдау» атты аудандық семинар өтті.

Семинарға аудан мектептерінің директордың  оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинардың мақсаты оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсарту және жетілдірудегі зерттеуді тиімді ұйымдастыру, тәжірибелерімен бөлісу. Міндеті практиканы жетілдіру құралы ретінде  өткізілген Lesson Study нәтижесі бойынша  ұсынымдарды жүзеге асыру жолдарын көрсету.

Lesson Study зерттеуі мектептегі әрбір мұғалім үшін  оның  кәсіби жетілуге көмектесетін тәсіл деуге болады.  Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

seminar1

Семинарда мектеп мұғалімдері Сейтжапарова Анар Саясатовна, Таяшева Асем Еркегалиевна,  Ибрашева Гульмира Кабиевналар  ашық сабақ берсе,  әріптестеріміз Дангиева Айнаш Тлегеновна, Қажапова Улболсын Темирбекқызы мен Бралина Фарида Измуратовна  әдістемелік шеберханаларымен бөлісті. Мектептегі өткен семинарға Ф.Оңғарсынова атындағы  жалпы орта мектебінің әріптетері кері байланыс берді. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бахтыгереева Тоты Мендыхановна  семинарға қорытынды баға беріп алдағы уақыттағы әдістемелік  жоспарларымен бөлісті.

Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың қоғам иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды шығармашылық бағыт, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT