Аудандық емхана карантинге жабылды

(0 Votes)

Ауданымызда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны, осы аурудың асқынған түрінің көбейіп, және дәрігерлердің ауырып қалуы жиілеп тұрғандықтан орталық емхана карантиндік шектеуге жабылатындығын хабарлаймыз.
Қазірдің өзінде 10 шақты дәрігеріміз ауырып жұмыстан қалып отыр. Емханаға тек оқыс жағдайлар болып, шұғыл көмек керек кезде рұхсат етіледі.
Бұл аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау, алға қарай сіздерге көмек көрсететін дәрігерлердің ауырып қалу қаупінен сақтау мақсатында алынып отырған мәжбүрлі шара.

Құрманғазы ауданы ауруханасы атынан біздің қабылданған шараға түсіністікпен қарап, емханаға қатынауды тоқтатуларыңызды сұраймыз.
Барлық сұрақтарыңызды дәрігерлер мен учаскелік медбикелеріңізбен телефон арқылы онлайн шешіледі.

Профосмотрдан өту, жүктілікпен келу, балаларға екпе салу, профосмотрға рентгенге түсу, анализ тапсыру сияқты жұмыстар түгелімен тоқтатылады.
Тек қана жарақат алған, оқыс болған жағдайлар ғана қабылданады.

Гулсара Мутиева,

аудандық орталық аурухананың директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521